21 Мамыр, 2015

Қазақстан күш-жігерін қашан да қолдайды

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Астанада үш жылда бір өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі әртүрлі мәдениет пен діндері бар халықтар мен елдердің арасын жақындастыратын айрықша көпірге айналып отыр», – деп мәлімдеді Біріккен Араб Әмірліктерінің Ислам және уақып істері жөніндегі бас агенттігінің төрағасы доктор Мұхаммед Матар Салим әл-Кагби Қазақстанның Әбу Дабидегі елшісі Қайрат Лама Шәріппен кездесуі барысында. Мұхаммед әл-Кагби Қа­зақстан Рес­публикасы Парла­мен­ті Се­наты­ның Төрағасы – съезд Хатшы­лы­ғының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы 10-11 маусымда Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне қатысуға шақыруын зор ризашылықпен қабыл алды. Ол Қазақстан өзінің озық үл­гі­­сімен барша әлемге кон­фессиялар арасында татулық пен келісім орнату мүмкін екен­дігін көрсете білуде, деп атап өтіп, Әмірліктердің Қазақстан Пре­зиденті Н.Ә.Назарбаевтың Ис­ламның шынайы рухани-мәде­ни құндылықтарын дамыту мен сақтап қалуға бағытталған күш-жігерін әрдайым қолдай­тындығын қуаттады. «Егемен-ақпарат».